Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі шахматшы Гарри Каспаров Ресейде террористер мен экстремистер тізіміне енді

Опубликовано:

Гарри Каспаров
Гарри Каспаров. Фото: Johannes Simon/Getty Images

Шахматтан әлем чемпионы Гарри Каспаров Ресейде террористер мен экстремистер тізіміне енді. Бұған дейін ол шетелдік агенттер тізімінде болған, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Росфинмониторингтің тиісті деректер базасына сәйкес, Әзербайжан, Баку қаласы 1963 жылы 13 сәуірде туған Гарри Каримович Каспаров террористер мен экстремистер тізіміне енгізілген.

Бұған дейін Мәскеудің Хамовнический соты Каспаровқа шетелдік агенттер туралы заңды сақтамағаны үшін 30 мың рубль айыппұл салған болатын. Хаттама Роскомнадзор шетелдік агенттің өз қызметі туралы ақпарат бермегені үшін толтырылған.

"Бір ай бұрын дәл осы сот Каспаровты интернетте шетелдік агент белгісінсіз материалдарды таратқаны үшін 40 мың рубль айыппұл салды", - деп толықтырды ақпарат агенттігі.

Ресей Федерациясының Әділет министрлігі Каспаровты 2023 жылғы мамырда жеке шетел агенттерінің тізіміне енгізгенін мәлімдеген.

Сонымен қатар ТАСС агенттігінің мәліметінше, 2023 жылғы желтоқсанда Мәскеу бойынша Ішкі істер министрлігі Каспаров пен "Еркін Ресей" форумының негізін қалаушы Иван Тютриннің әрекеттерінен қылмыс белгілерін тапқан. Олар аукцион өткізгеннен кейін Украина жағындағы соғыс қимылдарына қатысқан Ресей мен Беларусь азаматтарын қаржылай қолдаған деп айыпталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2064919-aigili-saxmatsy-garri-kasparov-reseide-terrorister-men-ekstremister-tizimine-endi/

pixel