jitsu gif

"Крокус Сити Холл" кешеніндегі атыс: қаза тапқандар саны жарияланды

"Крокус Сити холл" ғимараты
"Крокус Сити холл" ғимаратына арнайы жасақ кірген сәт. Фото: https://t.me/ostorozhno_novosti

Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі таратқан мәлімет бойынша, 40 адам қаза тапқан және 100-ден аса адам зардап шеккен. Бұл алдын ала ақпарат екені айтылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

22 наурызда кешкі уақытта Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласында орналасқан "Крокус Сити Холл" концерт залына белгісіз біреулер кіріп келіп, атыс шығарған.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинге көңіл айтып, терактіні қатаң айыптаған еді.

Сондай-ақ ҚР СІМ Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" концерт залында болған қайғылы оқиғаларға байланысты Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 нөмірі бойынша жедел желі ашылғанын хабарлады.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.