jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Мәскеуде болған атыста зардап шеккен "Болашақ" стипендиаттары бар ма: министрлік өкілі жауап берді

Аудитория
Білім беру мекемесіндегі аудитория. Көрнекі фото: pixabay.com

Ғылым және жоғары білім министрлігі өкілдері қазіргі уақытта Мәскеуде "Болашақ" бағдарламасы бойынша білім алып жатқан барлық қазақстандықпен байланысқанын мәлім етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Ресей Федерациясында "Болашақ" және "500 ғалым" бағдарламасы бойынша бүгінде 32 қазақстандық білім алып жатыр, оның ішінде 24 стипендиат Мәскеуде оқып жатыр. Стипендиаттардың ешқайсы зардап шеккен жоқ. Барлық стипендиатпен байланысқа шықтық", - деді ведомство өкілдері.

Еске салсақ, 22 наурызда Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холл" концерт залында белгісіз біреулер атыс шығарғаны туралы ақпарат тарады. Концерт залының ғимаратында "Пикник" тобының концерті өтуі керек болған. Алайда ғимаратқа белгісіз біреулер кіріп келіп, атыс шығарған. Артынша ғимаратта өрт шығып, куәгерлер оның видеосын жариялай бастады. Оқиға орнында жарылыс естілгені де хабарланды.

РИА Новости хабарына қарағанда, арнайы жасақ жауынгерлері өртсөндірушілермен бірге "Крокус Сити Холл" ғимаратының ішінде жұмыс істеп жатыр, адамдарды эвакуациялау жүріп, қылмыскерлерді іздеу операциясы басталған.

Қайғылы оқиғаға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтып, терактіні мүлдем ақтауға болмайтынын мәлімдеді.

Ресейдің Тергеу комитеті атыстан 60-тан астам адам қаза тапқанын, құрбандар саны артуы мүмкін екенін мәлім етті.

РИА Новости агенттігінің мәліметінше, 115 адам ауруханаға жеткізілді, оның бесеуі балалар: 60 ересек адамның және бір баланың жағдайы ауыр.

Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" концерт залында болған қайғылы оқиғаларға байланысты Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 нөмірі бойынша жедел желі ашылған.

Мәскеуде болған атыста зардап шеккен "Болашақ" стипендиаттары бар ма: министрлік өкілі жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.