Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеу маңындағы қайғылы жайт: қазақстандықтар үшін жедел желі іске қосылды

Опубликовано:

"Крокус Сити Холл" концерт залындағы өрт
"Крокус Сити Холл" концерт залындағы өрт. Фото: Stringer/AFP/Getty Images

Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холл" концерт залында болған оқиғаға байланысты ел азаматтарына арналған жедел желі іске қосылды. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі сайтында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мәскеудегі "Крокус Сити Холл" концерт залында болған қайғылы оқиғаларға байланысты Қазақстан азаматтары үшін 8 (925) 897-71-14 нөмірі бойынша жедел желі ашылды", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 22 наурызда Мәскеу маңындағы "Крокус Сити Холл" концерт залында белгісіз біреулер атыс шығарғаны туралы ақпарат тарады. Концерт залының ғимаратында "Пикник" тобының концерті өтуі керек болған. Алайда ғимаратқа белгісіз біреулер кіріп келіп, атыс шығарған. Артынша ғимаратта өрт шығып, куәгерлер оның видеосын жариялай бастады. Оқиға орнында жарылыс естілгені де хабарланды.

РИА Новости хабарына қарағанда, арнайы жасақ жауынгерлері өртсөндірушілермен бірге "Крокус Сити Холл" ғимаратының ішінде жұмыс істеп жатыр, адамдарды эвакуациялау жүріп, қылмыскерлерді іздеу операциясы басталған.

Қайғылы оқиғаға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтып, терактіні мүлдем ақтауға болмайтынын мәлімдеді.

Ал Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі таратқан алдын ала мәлімет бойынша, 40 адам қаза тапқан және 100-ден аса адам зардап шеккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2072388-krokus-siti-xoldagy-terakt-qazaqstandyqtar-usin-zedel-zeli-iske-qosyldy/

pixel