Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейдегі теракт: "Крокус Сити Холлда" жұмыс істеген екі қырғызстандық іздестіріліп жатыр

Опубликовано:

"Крокус Сити Холл" концерт залындағы өрт
"Крокус Сити Холл" концерт залындағы өрт. Фото: Stringer/AFP/Getty Images

Ресейде "Крокус Сити Холл" ғимаратында болған лаңкестіктен кейін екі Қырғызстан азаматы іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан басылымы хабарлады.

Басылым ақпаратынша, Қырғызстан елшілігі теракт болған күні "Крокус Сити Холлда" жұмыс істеген екі қырғызстандықты іздестіріп жатыр.

Елшілік қызметкерлері ауруханалар мен мәйітханаларға барып, ресейлік мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс істеуде. Сондай-ақ елшілік жоғалған қыздардың туыстарымен де байланыста.

Басылым мәліметінше, теракт болғаннан кейін "Крокус" кафесінде жұмыс істеген екі Қырғызстан азаматы жоғалып кеткені туралы желіде ақпарат тараған. Қыздар 20 және 24 жаста екені айтылған.

Кейін бұл мәліметті Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі растап, қыздармен байланыс жоқ екенін мәлімдеген.

Естеріңізге сала кетейік, 22 наурыз күні кешке Мәскеу түбіндегі Красногорск қаласында "Крокус Сити Холл" ғимаратында атыс болып, өрт шыққан болатын. Осы уақытта "Пикник" тобының концерті өтуі керек еді. Тергеу комитеті терактіге қатысты қылмыстық іс қозғады.

Бұған дейін 133 адамның қаза тапқаны, кейін теракт құрбандарының саны 137 адамға жеткені, жүзден астам адамның жараланғаны хабарланған.

Кейінірек РФ ФҚҚ лаңкестік әрекетті ұйымдастырды деген 11 күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

24 наурыз Ресейде ұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Сондай-ақ "Тверь аруы-2001" сұлулық байқауының жеңімпазы Екатерина Новоселова мен "Пикник" тобы директорының көмекшісі Екатерина Кушнер шабуыл салдарынан қаза тапқаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2072913-reseidegi-terakt-krokus-siti-xollda-zumys-istegen-eki-qyrgyzstandyq-izdestirilip-zatyr/

pixel