Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда сайлаудағы партия жеңісін тойлаған оппозиционер қаза болды

Опубликовано:

Түркия туы
Түркия туы. Фото: pixabay.com

Түркияда оппозициялық Республикалық Халық партиясының (РХП) сайлаудағы жеңісін тойлау кезінде балкон құлады. Бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Түріктің бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасаған басылым жазуына қарағанда, қаза болған Мехмет Палаз Денизли провинциясындағы Тавас округінде РХП филиалы төрағасының орынбасары болған. Партия мүшесі Кадир Татиктің Тавас округіндегі сайлаудағы жеңісінен кейін оның жақтастары бұл оқиғаны партия ғимаратының алдындағы көшеде тойлай бастаған.

Жұрттың бір бөлігі ғимараттың екінші қабатына көтеріліп, балкондарға шыққанда, екі балконның бірі құлап кеткен. Сегіз адам зардап шекті, олардың үшеуі ауыр жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында Мехмет Палаз болған. Ол басынан жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. 1 сәуірде таңертең Палаз қайтыс болды.

Муниципалдық сайлау Түркияның барлық провинциясында өтті (барлығы 81). Стамбұлда бюллетеньдердің 100 пайызға жуығын есептегеннен кейін қазіргі мэр 53 жастағы Республикалық Халық партиясының мүшесі Экрем Имамоғлу жеңіп, 51,09 пайыз дауыс жинады.

Оның билік партиясындағы (Әділет және даму партиясы) қарсыласы, бұрынғы қоршаған орта және урбанизация министрі Мұрат Курум 39,59 пайыз дауыс жинады.

Жалпы РХП кандидаттары Измир, Бурса, Анталья, Адана сияқты ірі қалаларда жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2077172-turkiyada-sailaudagy-partiya-zenisin-toilagan-oppozicioner-qaza-boldy/

pixel