jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Финляндияда мектепте 12 жастағы бала оқ жаудырды: зардап шеккендер бар

Пистолет қаруы
Пистолет ұстаған адам. Көрнекі сурет: pexels.com

Финляндияның астанасы Хельсинкиге жақын орналасқан Вантаа қаласында 12 жастағы жасөспірім мектепте оқ жаудырды. Шабуыл салдарынан үш мектеп оқушысы зардап шекті, деп хабарлайды РБК.

Басылымның жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлауынша, Финляндияның Вантаа қаласындағы мектепте жасөспірім оқ жаудырған. Қала Хельсинкиден 19 км қашықтықта орналасқан.

Жасөспірімнің шабуылы салдарынан үш мектеп оқушысы жарақат алғаны хабарланды. Күдіктінің 12 жаста екені белгілі болды. Басылым жазғандай, мектеп оқушыларын әзірге ғимараттан шығаруға рұқсат етілмейді.

Вантаа қаласындағы Виертола мектебінде 800 бала оқиды және оқу орны екі кешенге бөлінген. Ал атыс болған жерде орта мектеп жасындағы балалар оқиды.

Айта кетейік, 2023 жылдың желтоқсан айында Ресейдің Брянск қаласындағы мектептердің бірінде атыс болып, салдарынан адамдар қаза тауып, жараланған еді. Күдікті сол орта мектептің оқушысы болып шыққан.

Финляндияда мектепте 12 жастағы бала оқ жаудырды: зардап шеккендер бар

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.