Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тайвань жағалауында қатарынан күшті үш жер сілкінісі болды (видео)

Опубликовано:

Тайваньдағы жер сілкінісі
Тайваньдағы жер сілкінісі. Видеодан кадр: t.me/rian_ru

Бүгін Тайваньның шығыс жағалауында бірнеше күшті жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуінен кейбір ғимараттар қисайған, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жапонияның бас метеорологиялық агенттігінің мәліметінше, магнитудасы 7,5 болатын бірінші жер сілкінісі Астана уақытымен 04:58-де Тайваньның шығыс жағалауында тіркелген. Жер сілкінісінің тереңдігі әлі анықталған жоқ, тек оның су астында "өте таяз тереңдікте" болғаны белгілі болды.

Арада 15 минут өтпей – 5:11-де магнитудасы 6,6 болатын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің тереңдігі тағы да "өте таяз" екені анықталды.

Осы аймақта таңғы сағат 5:35-те магнитудасы 6,3 болатын үшінші жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы су астында 20 км тереңдікте орналасқан.

Басылым жер сілкінісінің Жапонияның оңтүстігіндегі Окинава префектурасында да сезілгенін жазады. Жер сілкінісінен кейін Окинава, Мияко және Яэяма аралдары тобына цунами қаупі төнді. Жапон мамандары толқынның биіктігі үш метрге жетуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Әлеуметтік желілерде төтенше жағдай болған Тайваньда түсірілген видеолар пайда болды. Кадрларда бүлінген ғимараттар, сондай-ақ жер асты дүмпуі болып жатқан сәт түсірілген.

Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2077874-taivan-zagalauynda-qatarynan-us-kusti-zer-silkinisi-boldy-video/

pixel