Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Израильде шеруге шыққандар Нетаньяхудың резиденциясына басып кіруге тырысқан (видео)

Опубликовано:

Израильдегі шеру
Израильдегі шеру. Фото: Yahel Gazit/Middle East Images/AFP via Getty Images

Израильде наразылық білдіріп, шеруге шыққандар ХАМАС-та кепілге алынған адамдарды дереу қайтаруды талап етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РБК сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Израильдік БАҚ-қа сілтеме жасаған басылым мәліметінше, наразылық білдірушілер министрлер кабинетінің басшысы Беньямин Нетаньяхуды ауыстыруды да талап етті. Өйткені, шерушілердің пікірінше, ол кепілге алынғандарды босату туралы "мәміле жасасуға кедергі болып отыр" дейді.

Бұқаралық ақпарат құралдары елдің түкпір-түкпірінде бірнеше күннен бері наразылық шерулерінің жалғасып жатқанын айтады. Соңғы шеру кезінде кейбір наразылық білдірушілер алау алып, кейбіреулері Нетаньяхудың үйіне барған, ал аймақта тәртіпсіздіктер мен полициямен қақтығыстар басталды. Тәртіп сақшылары шеруге шыққан бес адамды ұстады.

"Кейбіреулер тәртіпсіздік жасап, премьер-министрдің үйіне баруға тырысты. Премьер-министрдің үйіне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ", - деді полиция өкілдері.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға кезінде тәртіп сақшыларының бірі жараланған.

Сондай-ақ наразылық білдірушілер кнессеттен (парламент) жаяу жүріп, Нетаньяху резиденциясы орналасқан аймақта оған жету үшін екіге бөлінгені хабарланды. Полиция баррикадалар орнатуға тырысты.

Айта кетейік, былтыр қараша айында Израиль мен ХАМАС уақытша бітімге қол жеткізген болатын, оның ішінде израильдік кепілге алынғандарды Израиль түрмесінде отырған палестиналықтарға айырбастау туралы келісім бар. 7 қазанда Хамас тұтқындаған 250-ге жуық тұтқын кепілге босатылды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, ХАМАС бақылауындағы аумақта 130-ға жуық кепілге алынған адам болуы, олардың кейбірі қаза табуы мүмкін.

Бұған дейін Би-би-си Орыс қызметі өкілдері израильдіктер Нетаньяхуды ХАМАС-тың Израильге осындай шабуыл жасауына мүмкіндік берді деп санайтынын жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2077877-izrailde-seruge-syqqandar-netanyaxudyn-rezidenciyasyna-basyp-kiruge-tyrysqan-video/

pixel