Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей тергеу комитеті АҚШ пен НАТО басшылығына қарсы қылмыстық іс қозғады

Жарияланған күні:

НАТО туы
НАТО туы: NurPhoto / Contributor / Getty Images

Ресей тергеу комитеті АҚШ пен НАТО елдерінің басшылығына терроризмді қаржыландыру бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл қадам Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасы депутаттарының үндеуінен кейін жасалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

РФ Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасы РФ Мемлекеттік Lумасының бір топ депутатSYS4 өтінішінен кейін тексеру жүргізді. Соның нәтижесінде Ресей Тергеу комитеті АҚШ пен НАТО елдерінің жоғары лауазымды тұлғаларына қатысты РФ Қылмыстық кодексінің 250.1-бабының 4-бөлігі (терроризмді қаржыландыру) бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Коммерциялық ұйымдар, атап айтқанда, Украинада жұмыс істейтін "Бурисма Холдингс" мұнай-газ компаниясы арқылы түскен қаражат соңғы жылдары Ресей Федерациясында, сондай-ақ шетелде көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерін жойып, экономикалық залал келтіру мақсатында лаңкестік әрекеттерді іске асыру үшін пайдаланылғаны анықталды", - делінген Ресей тергеу комитетінің Telegram-дағы арнасында жарияланған ақпаратта.

Сондай-ақ, бірнеше миллион АҚШ доллары "түскен көздер мен оның одан әрі қозғалысы", сондай-ақ "Батыс елдеріндегі билік органдары, қоғамдық және коммерциялық ұйымдары қызметкерлері қатарынан нақты тұлғаларының тартылуы" тексеріліп жатқаны хабарланды.

Сонымен қатар Тергеу комитеті "лаңкестік әрекеттердің тікелей орындаушылары мен шетелдік кураторлар, ұйымдастырушылар және демеушілер арасындағы байланыстар анықталуды".

Еске салайық, Мәскеу облысындағы 140-тан астам адам қаза тапқан "Крокус Сити Холлдағы" лаңкестік әрекеттен кейін Ресей президенті Владимир Путин тек тікелей кінәлілерді ғана емес, лаңкестік әрекетке тапсырыс бергендерді де анықтау керек екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2081855-resei-tergeu-komiteti-aqs-pen-nato-bassylygyna-qarsy-qylmystyq-is-qozgady/