jitsu gif branding logo appbranding logo app

Зеленский Украинаның жаңа қарсы шабуылы болатынын, бірақ оған не керегін айтты

Владимир Зеленский
Владимир Зеленский. Фото: Yan Dobronosov / Global Images Ukraine / Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский елдің қарсы шабуыл бойынша жаңа жоспары бар, бірақ оған АҚШ-тан әскери көмек қажет деп мәлімдеді. Бұл туралы РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Украина басшысы неміс басылымына берген сұхбатында қазіргі заманғы қарудың көмегімен Киевтің жетістікке жету мүмкіндігі бар деген.

"Дәл осы себепті біз белгілі бір технологияларды алуға ниеттіміз. Өндірісті дамытуды жалғастыра берсек, серіктестерімізден лицензия алсақ, онда біз адам саны туралы емес, қарудың сапасына қатысты әңгіме айтып отырмыз", - деп келтіреді Зеленскийдің сөзін БАҚ.

Украина басшысы қазіргі уақытта елге бірінші кезекте әуе қорғаныс жүйелері қажет дейді.

Зеленский Германия канцлері Олаф Шольцтың Taurus зымырандарын беруден бас тартуы туралы айта отырып, бұл жағдайды "оңай мәселе емес" деп атады.

"Менің түсінгені бойынша, канцлер Германияның ядролық держава емес екенін және бұл Германиядағы ең қуатты қару-жарақ жүйесі екенін айтып отыр", - деді ол Шольц елді қарусыз қалдыра алмайтынын айта отырып.

Зеленский қақтығысты үзіліс алу мүмкіндігі туралы айта отырып, мұндай сценарийді тағы да жоққа шығарды, себебі оның пікірінше, Ресей мұндай үзілісті жаңадан қарсы шабуылдар жасауға дайындалуы мүмкін.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.