"Құжат дайындаймыз": Зеленский Ресеймен келіссөз жүргізілуі мүмкін екенін айтты
Жарияланған күні:
Украина президенті Владимир Зеленский француз блогеріне берген сұхбатында Ресеймен келіссөздер жүргізу мәселесін жоққа шығармады. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Блогер Гуго Травер Украина басшысынан Швейцариядағы Украина бойынша саммиттің ықтимал нәтижелері жөнінде сұрады. Жауап ретінде Украина президенті Ресей Федерациясымен келіссөздер жүргізуді жоққа шығармайтынын атап өтті.
"Біз барлық мәселені өз көзқарасымызбен шешу үшін құжат дайындаймыз және оны жау жағына беріп, талқылау үшін дұрыс уақыт табамыз", - деп жауап берді Зеленский.
Басылым Швейцария 15-16 маусымда Люцерн қаласының маңында Украинадағы жағдайды реттеу үшін конференция өткізетінін жазған. Ол Киев билігінің өтініші бойынша өтеді.
Ресей бұл шараға қатыспайтынын мәлімдеген.
Наурыздың соңында Зеленский алғаш рет Мәскеумен келіссөздер Украина 1991 жылғы шекараға оралмай-ақ басталуы мүмкін екенін мойындағанын айта кеткен жөн. Оның айтуынша, Ресей Украинадағы әскери қақтығыс басталғаннан кейін оның құрамына енген "аумақтарынан айырылса, диалогқа дайын болады".
Бұл ретте Кремль Киевпен келіссөздерден ешқашан бас тартпағанын, бірақ Ресей бастапқы талаптарынан айнымайтынын мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2089358-quzat-daiyndaimyz-zelenskii-reseimen-kelissoz-zurgizilui-mumkin-ekenin-aitty/