Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иранда рэп орындаушы өлім жазасына кесілді

Опубликовано:

Тумадж Салехи
Тумадж Салехи. Фото: instagram.com/toomajofficial

Иран соты рэп орындаушы Тумадж Салехиді 2022 жылғы тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген айыппен өлім жазасына кесті, деп хабарлайды "TRT на русском" телеарнасы.

Телеарна ақпаратынша, Иран соты әйгілі ирандық рэп орындаушы Тумадж Салехидің 2022 жылғы наразылық шерулерін көпшілік алдында қолдағаны үшін өлім жазасына кесілгенін растаған.

33 жастағы музыкант екі жыл бұрын қамауға алынған, бірақ рэп орындаушыны өлім жазасына кесу бұдан да үлкен наразылық толқынын тудыруы мүмкін деген қауіптен оның ісі бойынша үкім енді ғана шығып отыр. Салехи 2022 жылғы 18 қарашада кепілмен босатылған, бірақ екі аптадан кейін қайта қамауға алынған.

Салехидің адвокаты Амир Райсиан Иранның революциялық соты оның клиентін 25 сәуірде өлім жазасына кескенін айтты, бірақ оның жазаны жеңілдетуге құқығы бар екенін атап өтті. Салехиге өлім жазасы үкімі сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айып негізінде шығарылған. Алайда, соттың түсіндіруінше, сотталушының "өкінетініне және билікпен ынтымақтастығына" байланысты жазасын жеңілдетуге мүмкіндігі бар.

Салехи 20 күн ішінде сот үкіміне шағымдану үшін Жоғарғы сотқа жүгінуі керек. Сот өкілдерінің сөзінше, айыптау үкімі күшінде қалса, Рақымшылық жасау жөніндегі сот оның жазасын жеңілдету үшін істі қайта қарайды.

2023 жылы Иранның Жоғарғы соты Салехидің жемқорлық бойынша айыбын қабылдамай тастады. Иран заңы бойынша, жемқорлық жасағандарға өлім жазасы кесіледі. Алайда шешім орындалмады, Салехидің адвокаты мұны сот билігінің "бұрын-соңды болмаған қадамы" деп атады. Ал #FreeToomaj хэштегі X сияқты әлеуметтік желілерде кең тарап кетті.

Ирандағы мыңдаған адам Салехиді тез арада босатуды талап етуде. Рэп орындушы 2022 жылдың қыркүйегінде 22 жастағы Махса Амини өлтірілгеннен кейін бүкіл Иранда басталған шеру кезінде ұсталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2091551-iranda-rep-oryndaushy-olim-zhazasyna-kesildi/

pixel