Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Палестиналықтарды қолдау шеруі: АҚШ-та полиция шерушілер басып алған Колумбия университетінің ғимаратына кірді

Опубликовано:

АҚШ полицейлері университет ғимаратына кіргелі тұр
Оқиға орны. Фото: Selcuk Acar/Anadolu via Getty Images

Сейсенбі күні кешке АҚШ полициясы палестиналықтарды қолдайтын шерушілер басып алған Нью-Йорктегі Колумбия университеті ғимараттарының біріне шабуыл жасады.

Жүздеген полиция қызметкері "Гамильтон-холлға" ғимаратқа терезе арқылы түсуге мүмкіндік беретін тартылатын платформамен кірген. Америкалық БАҚ полиция елуге жуық шерушіні тұтқындағанын хабарлады. Оларды ғимараттан қолын байлап шығарып, автобустарға отырғызып, алып кеткен.

Бір күн бұрын Израильдің Газа секторындағы әрекеттеріне қарсы шерушілер "Гамильтон-холлды" басып алған соң университет әкімшілігі полициядан көмек сұраған.

Университет атынан құқық қорғау органдарына жолданған хатта бір топ студент кіргеннен кейін ғимарат наразылық білдірушілердің бақылауына алғаны айтылған. Сонан соң науқанға қатысушылардың бірі есікті ашып, басқа адамдарды кіргізген.

Полицияның хабарлауынша, шерушілер ғимарат ішіне бекініп алып, бейне бақылау камераларын сындырған.

Полицияға жолданған хатқа қол қойғандардың бірі – Колумбия университетінің басшысы Немат Шафиктің айтуынша, бұл әрекеттерді "университетке қатысы жоқ адамдар басқарған". Оның сөзінше, шерушілер университетке тиесілі ғимаратқа заңсыз кіріп, вандализммен айналысқан.

Нью-Йорк мэрі Эрик Адамс та наразылықтарға Колумбия университетінің студенттері ғана қатысып жатпағанын айтты. Оның сөзінше, "Гамильтон-холлды" басып алуды "сыртқы үгітшілер" ұйымдастырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2094224-palestinalyqtardy-qoldau-sherui-aqsh-ta-politsiia-sherushiler-basyp-algan-kolumbiia-universitetining-gimaratyna-kirdi/

pixel