Ресей Ішкі істер министрлігі Владимир Зеленскийге іздеу жариялады
Жарияланған күні:
Читать на русскомРесей Федерациясының Ішкі істер министрлігі Украина президенті Владимир Зеленскийді қылмыстық іс бойынша іздеуге жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РБК-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Украина басшысы қандай бап бойынша іздестіріліп жатқаны жазылмаған.
Басылымның хабарына қарағанда, Ресей билігі кейінгі айларда Украина үкіметінің бірнеше өкіліне іздеу салған. Мысалы бір күн бұрын Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің басшысы Александр Литвиненкоға іздеу жарияланғаны туралы мәлімет пайда болған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2096177-resei-ishki-ister-ministrligi-vladimir-zelenskiige-izdeu-zhariialady/