Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байден Украина мен Израильге әскери көмек бөлуді көздейтін заңға қол қойды

Жарияланған күні:

Джо Байден
Джо Байден. Фото: Sean Rayford/Getty Images

АҚШ президенті Джо Байден Украинаға, Израильге, сондай-ақ Тайваньға әскери көмек бөлуді көздейтін заңдар пакетіне қол қойды, деп хабарлайды CNN.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
ХАМАС Яхья Синвардың өлімін растады

Бүгін АҚШ президенті Джо Байден Украинаға, Израильге және Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы одақтастарға 95 миллиард долларлық жаңа әскери көмек пакетін бөлуді көздейтін заңға қол қойды.

Мәселен, осы соманың 61 млрд-қа жуығы украин тарабына, 26 млрд доллар Израильге жіберіледі.

Айта кетейік, пакетте жоғарыда аталған елдерге әскери көмек көрсетуден бөлек, төрт заң жобасы бар, төртінші ұсыныста TikTok-қа ықтимал тыйым салу және қамауға алынған ресейлік активтерді сатуға рұқсат беретін REPO заңы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2090618-baiden-ukraina-men-izrailge-askeri-komek-boludi-kozdeitin-zangga-qol-qoidy/