Макрон Украинаға әскер жіберуге себеп болатын екі шартты атады
Жарияланған күні:
Франция президенті Эмманюэль Макрон батыс Украинаға әскер жіберу мүмкіндігін жоққа шығармау керек екенін айтты. Бұл туралы РБК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Франция президенті Эмманюэль Макрон батыс әскерлерін Украинаға жіберу шарты ретінде майдан шебінің бұзылуы мен Киевтің тиісті өтініші қарастырылатынын мәлімдеді.
"Егер ресейліктер майдан шебін бұзып өтсе, Украинадан өтініш түссе, біз заңды негізде әскер жіберу туралы ойланатын едік", - деді ол.
Макрон батыстағы одақтастар мұндай сценарийді жоққа шығармауы керек екенін, өйткені бұл ЕО беделі мен қауіпсіздігінің "негізгі шарты" екенін айтты.
Франция президенті басшыларынан тиісті өтініш түскен кезде елі Африка елдеріне көмектесуге әскер жібергенін мысалға келтірді.
Айта кетейік, ақпанда Эммануэль Макрон Украинаны алыс қашықтыққа ұшатын зымырандар мен оқ-дәрілермен қамтамасыз ететін жаңа коалиция құрылатынын мәлімдеген болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2094932-makron-ukrainaga-asker-zhiberuge-sebep-bolatyn-eki-shartty-atady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.