Си Цзиньпин Таяу Шығыстағы қақтығысты реттеу шартын атады
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Таяу Шығыстағы қақтығысты реттеуге қажет шартты атады. Оның сөзін Радио Sputnik жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
ҚХР басшысы Таяу Шығыстағы қақтығысты шешуге қатысты көзқарасын француздың Le Figaro басылымында білдірген.
Ол Бейжің палестиналық-израильдік қақтығысқа алаңдаулы екенін айтқан, сондай-ақ бұл мәселе бойынша Бейжің мен Париждің ұстанымдары сәйкес келетінін атап өткен.
"Іргелі шешім – тәуелсіз Палестина мемлекетін құру", - деп есептейді Си Цзиньпин.
Басылым бір күн бұрын Қытай басшысы соңғы бес жылда алғаш рет Парижге келгенін еске салады. Макронмен халықаралық күн тәртібін талқылаудан басқа, Си Цзиньпин Еуропалық комиссия басшысы Урсула фон дер Ляйенмен де кездеседі деп жоспарланған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2096657-si-tszinpin-taiau-shygystagy-qaqtygysty-retteu-shartyn-atady/