Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Иранда жарылыс болды: бірнеше ауданда әуе қорғанысы жүйелері іске қосылды

Опубликовано:

Исфахан
Исфахан. Көрнекі фото: pixabay.com

Иранның Исфахан қаласындағы әуежай маңында жарылыс болды, деп хабарлады ирандық БАҚ.

"Дереккөздер Исфахан провинциясында жойқын жарылыстар естіліп жатқанын айтты", - деп хабарлады мемлекеттік телеарна.

FARS агенттігінің хабарлауынша, жарылыстар халықаралық әуежайға маңындағы Әскери-әуе күштері базасына жақын жерде болған.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, барлығы үш жарылыс болған.

FARS әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі зымыранға емес, ұшқышсыз ұшаққа жауап қайтарғанын нақтылады.

Агенттік ақпаратына сүйенсек, ықтимал нысаналардың бірі әскери радар болған, жарылыс салдарынан бірнеше әкімшілік ғимараттың терезелері сынған.

Исфахан провинциясында Иранның бірнеше ядролық нысандары орналасқан, деп хабарлайды Reuters.

Тегеран мен басқа қалалардың үстінен ұшақ қозғалысы тоқтатылды деп хабарланды.

Атап айтқанда, Иран астанасындағы Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежай таңға дейін жабық болады.

Mehr агенттігі Тегеран, Исфахан және Ширазға, сондай-ақ елдің батысындағы, солтүстік-батысындағы және оңтүстік-батысындағы әуежайларға рейстердің тоқтатылғанын мәлімдеді.

CNN телеарнасы да бұған дейін Иран әуе кеңістігінде болған сегіз ұшақ бағытын өзгерткенін хабарлаған еді.

Flightradar24 жүйесіндегі мәлімет бойынша, олардың арасында Emirates және Flydubai әуекомпаниялары да болған.

Иранның бірнеше аймағында әуе қорғанысы жүйелері іске қосылды.

"Иранның әуе қорғанысы елдің бірнеше провинциясының аспанында іске қосылды", - деп хабарлады IRNA ақпарат агенттігі.

Америкалық ресми тұлғалар CBS News телеарнасына хабарлауынша, Иранға зымыранды Израиль ұшырған. Бұл туралы ABC News хабарлады.

Бірақ бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Өткен демалыс күндері Иран Израиль қалаларына жүздеген зымыран мен ұшқышсыз ұшақтар жібергеннен кейін Израиль жауап қайтаруға ниетті екенін ескерткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2087492-iranda-zarylys-boldy-birnese-audanda-aue-qorganysy-zuieleri-iske-qosyldy/

pixel