jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Жапонияда жоғалған сөмкеге бола 180-ге жуық пойыз кешікті

Сөмке
Сөмке. Көрнекі фото: pixabay.com

Жапонияда ұмытылған сөмкеге бола 180-ге жуық пойыз тоқтап, кешігуге мәжбүр болды. Ұмытылған жүк Киото қаласындағы вокзалдан табылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ МИР24 порталына сілтеме жасап.

Порталдың Kyodo агенттігіне сілтеме жасап жазуынша, туристер арасында ең танымал жапониялық Киото қаласында белгісіз сөмкенің иесі мүлкін ұмытып, тастап кеткен. Жоғалған рюкзактағы күдікті иероглиф жазулары жолаушылардың назарына ілікті.

Бұл жазу химиялық қосындылардың атауына ұқсаған. Оқиға орнына полицейлер келіп жетті. Олар сөмкенің ішін ақтарып, тексерген. Сол себепті тексеріс кезінде пойыз қозғалысы тоқтатылған болатын.

Бірақ сөмкенің ішінен күмән тудыратын я қауіпті заттар табылмаған. Оның ішінде тек киім-кешек сынды қауіп төндірмейтін жеке заттар болған.

Кейін сөмке иесіне қайтарылып, пойыз қозғалысы жанданды.

Жапонияда жоғалған сөмкеге бола 180-ге жуық пойыз кешікті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.