jitsu gif

Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атыс болды

шекара
Көрнекі фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі

Бүгін, 7 мамырда Қырғызстан мен Тәжікстанмен шекарасында әскерилер мен тәжік азаматтары арасында кикілжің туып, кейін атыс болған. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан елдің шекара қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік мәліметінше 7 мамырда сағат 12.00-де Ақ-Босаға ауылының маңында шекарашылар Қырғызстан аумағында мал жайып жүрген шопандарды (Тәжікстан Республикасының азаматтары) байқаған.

"Тәжікстан азаматтары Қырғызстан аумағынан кету талабын елемей, әскери қызметкерлерге тас лақытрған. Сондай-ақ шопандардың бірі Қырғызстан шекарашысына бірнеше рет оқ атқан", - делінген Қырғыстан Шекара қызметі хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, Қырғызстан Республикасының шекарашылары ескерту үшін әуеге оқ жаудырған, кейін шопандар Тәжікстан Республикасының аумағына қашып кеткен. Қырғызстан шекарашылары арасында зардап шеккендер жоқ.

"Бейресми мәліметтерге сәйкес, Тәжікстан азаматтарының бірінің аяғы жараланған, алайда Тәжікстан құқық қорғау органдары суретті ғана бергендіктен, жарақаттың нақты қашан және қай жерде болғаны белгісіз", - деді Шекара қызметі өкілдері.

Қырғызстан Шекара қызметі өкілдері қазіргі уақытта шекарадағы жағдай тұрақты деп мәлім етті.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.