Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Африка елдерінің бірінде Ресей елшісі қайтыс болды

Опубликовано:

Александр Суриков
Александр Суриков. Фото: Ресей СІМ

Ресейдің Мозамбик пен Эсватини Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі Александр Суриков 68 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"РФ Сыртқы істер министрлігінің басшылығы 2024 жылғы 11 мамырда Ресей Федерациясының Мозамбик Республикасындағы және Эсватини Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, штаттан тыс Суриков Александр Васильевичтің кенеттен қайтыс болғанын қайғыра хабарлайды", - делінген Ресей СІМ Telegram арнасындағы мәлімдемесінде.

Ресей СІМ мәліметі бойынша, Александр Суриков Орталық аппаратта және Анголадағы, Португалиядағы, Испаниядағы және АҚШ-тағы КСРО/Ресей елшіліктерінде әртүрлі лауазымдарда ұзақ қызмет еткен.

2004-2008 жылдары – Ресей Сыртқы істер министрлігінің Экономикалық ынтымақтастық департаментінде аға кеңесші, бөлім бастығы;

2008-2013 жылдары – Испаниядағы Ресей елшілігінің елші-кеңесшісі;

2013-2016 жылдары – Ресей Сыртқы істер министрлігі Ақпарат және баспасөз департаменті директорының орынбасары;

2016-2017 жылдары – Ресей СІМ Африка департаменті директорының орынбасары;

2017 жылдан бастап Ресей Федерациясының Мозамбик Республикасындағы және Эсватини Корольдігіндегі елшісі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2099279-afrika-elderining-birinde-resei-elshisi-qaitys-boldy/