jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

"Жағдай шынымен қиын": министрлердің бірі Словакия премьер-министрінің жағдайы туралы айтты

Премьер-министр Роберт Фицо
Премьер-министр Роберт Фицо. Фото: Kenzo Tribouillard / AFP via Getty Images

Словакияның Қорғаныс министрі қастандықтан кейін елдің премьер-министрі Роберт Фицоның жағдайы туралы айтты. Сонымен қатар бірқатар әлемдік көшбасшылар болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ BBC-ге сілтеме жасап.

Словакияның премьер-министрі Роберт Фицоның операциясы үш сағаттан астам уақыт бойы өтіп жатыр.

"Қазір жағдай шынымен қиын. Бүгін болған оқиға бізді ұзақ жылдар бойы мазалайтын таңба болып қалады", - деді қорғаныс министрі Роберт Калинак Фицоның "өмір үшін күресіп жатқанын" айтып.

Осыған қарамастан олар премьер-министрдің жағдайы жақсарып кетеді деп үміттенеді.

Сондай-ақ әлем көшбасшылары қастандық әрекетке пікір білдірді. АҚШ президенті Джо Байден мұны "жантүршігерлік зорлық-зомбылық актісі" деп атап, АҚШ елшілігінің Словакия үкіметімен тығыз байланыста екенін және көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

Ресей президенті Владимир Путин "бұл ауыр қылмысты ақтауға болмайды" деді.

Бұл оқиғаны БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Еуропалық Кеңес төрағасы Шарль Мишель, Франция президенті Эммануэль Макрон және Италия премьер-министрі Джорджа Мелони де айыптады.

Қастандықты сондай-ақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатаң айыптады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Словакия премьер-министрі Фицоны министрлер кабинетінің отырысында жаралаған: көпшілікке шыққан кезде оған оқ атылды. Шабуылдаушыны полиция ұстап, зардап шеккен саясаткер ауруханаға жатқызылды.

"Жағдай шынымен қиын": министрлердің бірі Словакия премьер-министрінің жағдайы туралы айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.