jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Папуа-Жаңа Гвинея "2 мыңнан астам адам қаза тапқан" көшкінге байланысты әлем елдерінен көмек сұрады

Папуа-Жаңа Гвинеядағы топырақ көшкіні
Папуа-Жаңа Гвинеядағы топырақ көшкіні. Фото: UN in Papua New Guinea / Handout/Anadolu via Getty Images

Папуа-Жаңа Гвинеядағы топырақ көшкіні "2 мыңнан астам адамның өмірін қиды". Ел билігі халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады, деп хабарлайды The Guardian басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Папуа-Жаңа Гвинеяның ТЖ ұлттық орталығы жұмада елдің солтүстігіндегі шалғай ауылды басып өткен көшкіннен 2 мыңнан астам адам қаза тапқанын хабарлады.

Ел билігі халықаралық көмекке ресми түрде жүгінді.

Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері апат шалғай ауданда болғанын, көшкіннен зардап шеккен елді мекендерге көмек көрсету қиын екенін айтты.

"2000-нан астам адамның өмірін қиған көшкін ғимараттарды қиратып, ауыл шаруашылығы жерлеріне зақым келтірді, бұл елдің экономикалық өміріне елеулі әсер етуі мүмкін", - делінген елдің ТЖ ұлттық орталығының өкілі БҰҰ-ға жолдаған хатында.

Агенттік бастапқыда 670 құрбан болғанын хабарлады. Сонымен бірге БҰҰ қаза тапқандар саны артуы мүмкін екенін мәлімдеді. Әзірге үйінділерден алты адамның мәйіті шығарылған.

Папуа-Жаңа Гвинея "2 мыңнан астам адам қаза тапқан" көшкінге байланысты әлем елдерінен көмек сұрады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.