jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Кувейт әмірі тақ мұрагерінің атын атады

Кувейт туы
Кувейт туы. Фото: Sergio Amiti/Getty Images

Кувейт әмірі шейх Машал әл-Ахмед әл-Джабер әл-Сабах елдің бұрынғы премьер-министрі – Сабах Халед әл-Хамад әл-Сабахты шейхтің тақ мұрагері етіп тағайындады.

Кувейттің KUNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жаңа тақ мұрагері 2019-2022 жылдар аралығында премьер-министр қызметін атқарған, оған дейін Сыртқы істер министрлігін басқарған.

Мәлімдемеде Кувейттің билеуші ​​әмірінен басқа мәліметтер мен түсініктемелер берілмеді.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Сабах Халед әл-Хамад әл-Сабах әкесі ешқашан әмір болмаған алғашқы тақ мұрагері атанды. Сондай-ақ билеуші ​​әл-Сабах басқарушы әулетінің әл-Хамад тармағынан тараған мүшесінің мұрагері ханзада атануы да бірінші рет болып отыр.

Бұрынғы барлық әмірлер мен тақ мұрагерлері әл-Джабер немесе әл-Салем тармағына жататын.

Еске салайық, Машал әл-Ахмед әл-Джабер ас-Сабах 2023 жылдың соңында Кувейттің әмірі болып тағайындалған еді.

Кувейт әмірі тақ мұрагерінің атын атады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.