jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

TikTok-та парақшасын ашқан Дональд Трамп алғашқы видеосын жариялады

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Brett Carlsen/Bloomberg/Getty Images

Дональд Трамптың ресми аккаунты TikTok әлеуметтік желісінде пайда болды. Бірнеше сағат бұрын АҚШ-тың бұрынғы президенті ол жерде алғашқы видеосын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

TikTok-та realdonaldtrump есімді пайдаланушы расталды. Трамп мұнда жариялаған алғашқы видеосында Нью-Джерсиде өткен UFC 302 турнирін тамашалауға барғанын көрсетті.

"Президент енді TikTok-та": Трамптың алғашқы видеосы Дана Уайттың осы сөздерімен басталады.

Жарияланған кадрларда АҚШ-тың 45-президенті турнир өтіп жатқан аренаның көрермендерін, октагонды, комментаторларды және саясаткермен суретке түсуге келген жанкүйерлерді көрсетті.

Бірнеше сағаттың ішінде экс-президенттің парақшасына 700 мыңнан астам TikTok пайдаланушысы жазылды.

Айта кетейік, Дональд Трамп президенттігі кезінде TikTok әлеуметтік желісі туралы теріс пікірде болып, оған АҚШ-та тыйым салуды да көздеген.

Алайда, 2021 жылы қазіргі президент Джо Байден бұрынғы президент Дональд Трамптың америкалық компаниялардың TikTok және WeChat транзакцияларына тыйым салуды көздеген үш бұйрығын жойды және ауыстырды. Бұйрықтардың бірі TikTok-қа тыйым салуға қатысты болды, бұл ұзаққа созылған сотта қаралуына әкелді.

Сондай-ақ Дональд Трамптың Truth Social деп аталатын жеке әлеуметтік желісі бар екенін атап өткен жөн.

TikTok-та парақшасын ашқан Дональд Трамп алғашқы видеосын жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.