jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Иран тарихында алғаш рет әйел адам президенттікке үміткер ретінде тіркелді

Иран туы мен дауыс беріп жатқан адам
Иран туы. Көрнекі фото: btgbtg / Getty Images

Иранда президенттікке үміткерлердің сайлауалды науқаны басталды. Барлығы 20-дан астам адам құжат тапсырған, оның ішінде елдің бұрынғы президенті және әйел адам бар.

ТАСС агенттігінің ақпараты бойынша, Иран тарихында тұңғыш рет Зохре Элахиан есімді әйел президенттікке кандидат болып тіркелген. Бұл ақпаратты БАҚ өкілдеріне ислам республикасының сайлау штабының өкілі Мохсен Эслами мәлімдеді. Сондай-ақ Эсламидің айтуынша, бұған дейін үш әйел тіркеуден өтпеген.

РБК сайтының жазуынша, Иранның бұрынғы президенті Махмуд Ахмадинежад қайтадан президенттікке үміткер болуды жоспарлап отыр. Ол да сайлауға қатысу үшін құжаттарын тапсырған.

Ахмадинежад 2005-2013 жылдар аралығында Иранның алтыншы президенті болған. Сонымен қатар ол бұған дейін тағы екі сайлауға қатысуға ниет білдірген, бірақ оған қатысуға рұқсат етілмеді.

Басылым мәліметіне сүйенсек, Махмуд Ахмадинежад өзінің қатал риторикасымен танымал. Мысалы, ол 2001 жылдың 11 қыркүйегінде Америка Құрама Штаттарында болған терактілерге қатысты бірнеше рет пікір білдіріп, бұны АҚШ-тың "терроризмге қарсы соғысы" және Ауғанстанға басып кіруін ақтау үшін жасалған фальсификация деп атаған.

Оған қоса ол Израильді дүниежүзілік картадан өшіру қажет екенін айтып, Холокостты феномен ретінде жоққа шығарды және "сионистік режимді" "жемқорлықтың ұясы" деп сипаттаған.

Оның үстіне 2006 жылы Ахмадинежад "Иран ядролық державалар клубына қосылғанын" мәлімдеген болатын.

РИА Новости дерегінше, осы уақытқа дейін 20-ға жуық адам президенттікке үміткер ретінде тіркелген. Оның ішінде парламенттің бұрынғы спикері Али Лариджани, Орталық банктің бұрынғы басшысы Абд-оль Нассер Хеммати, Жоғарғы көшбасшының ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесіндегі өкілі Саид Джалили, ислам революциясы сақшылар корпусының бұрынғы қолбасшысы генерал Сейед Вахид Хагганиан, Тегеран мэрі Алиреза Закани және т.б. белгілі саясаткерлер бар.

Иран тарихында алғаш рет әйел адам президенттікке үміткер ретінде тіркелді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.