jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

Оқ жарақатын алған Словакияның премьер-министрі үндеу жасап, қастандық жасаған адам туралы айтты

Роберт Фицо
Роберт Фицо. Фото: Getty images / Ali CAN

Словакияның премьер-министрі Роберт Фицо 15 мамырдағы қастандықтан кейін алғаш рет видеоүндеу жасады. Ол жақында жұмысқа оралуға дайын екенін айтып, оқиғаға себеп болған саяси қарсыластарын айыптады.

"Жағдайым жақсарса, маусымның аяғында немесе шілденің басында жұмысқа ораламын", - деді Фицо Facebook-тегі ресми парақшасында жариялаған хабарламасында.

Сондай-ақ ол шабуыл жасаған адамды кешіргенін және одан өтемақы талап етпейтінін айтты.

"Бірінші қадамды мен жасаймын, бұл – кешірім. Мені атып кеткен бейтаныс адамға өшпенділігім жоқ, - деді премьер-министр. - Мен оған қарсы ешқандай заңды шара қолданбаймын [...] Мен оны кешіремін және ол не істегенін және не үшін істегенін өзі шешсін".

Еске салсақ, Словакияда үкіметтің көшпелі отырысы өткен жерде елдің премьер-министрі – 59 жастағы Фицо жараланған болатын. Оған 5 рет оқ атылып, төртеуі тиген.

Осы жайттан кейін премьер-министр Банска-Бистрицадағы ауруханаға жатқызылып, оған екі операция жасалды. 31 мамырда ол ел астанасы Братиславада үй жағдайында емделуге ауыстырылды. Кейін оның отадан кейінгі жағдайы айтылды.

Оқ жарақатын алған Словакияның премьер-министрі үндеу жасап, қастандық жасаған адам туралы айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.