Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үкімет басшысына жасалған қастандық: Словакия премьер-министрінің отадан кейінгі жағдайы айтылды

Опубликовано:

Роберт Фицо
Роберт Фицо. Фото: Milan Jaros/Bloomberg via Getty Images

Словакияның премьер-министрі Роберт Фицоға бір күн бұрын оқ тиіп, ол бірнеше сағатқа созылған отадан кейін аман қалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Euronews арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Телеарна жазуынша, Словакия премьер-министріне бес рет оқ атылған, ал шенеуніктер қастандық әрекетінің "саяси астары барын" айтты.

Сондай-ақ қазір Словакия премьер-министрі Роберт Фицо үкіметтің Гандловаға жұмыс сапары кезінде болған қастандықтан кейін жағдайы тұрақталғаны хабарланды.

"Ота сәтті өтті, менің ойымша, ол аяққа тұрып кетеді", - деді премьер-министрдің орынбасары және қоршаған ортаны қорғау министрі Томаш Тараба.

Еске салайық, бұған дейін Словакияда үкімет отырысы өткен жерде елдің премьер-министрі Роберт Фицо жараланған болатын – саясаткерге жұртшылық алдына шыққан кезде оқ атылды. Шабуыл жасаған адамды полиция ұстады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға жасалған қастандықты қатаң айыптаған еді. Сондай-ақ мемлекет басшысы вице-министрге тезірек сауығып кетуін тіледі.

Кейін Словакия министрлер кабинетінің басшысы Роберт Фицоға шабуыл жасады деген күдікті тергеу кезінде ел үкіметінің саяси шешімдерімен келіспейтінін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2101634-ukimet-basshysyna-zhasalgan-qastandyq-slovakiia-premer-ministrining-otadan-keiingi-zhagdaiy-aityldy/