jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Дағыстандағы теракт кезінде қаза тапқан полицейлер көрсетілген видео жарияланды

Дағыстандағы теракт кезінде қаза болған полицейлер
Дағыстандағы теракт кезінде қаза болған полицейлер. Видеодан кадр.: t.me/alinarasieva

Дағыстан мүфтиінің кеңесшісі Айна Гамзатова Дағыстандағы террорлық шабуылдарда қаза тапқан полицейлердің фотосымен видео жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Гамзатованың Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Дағыстан мүфтиінің кеңесшісі Айна Гамзатова жариялаған видеода қаза болған полицейлердің фотосына аты-жөні жазылып, гүл шоқтары қойылған.

"Кеше ғаламторда олардың бірінің анасы қайтыс болған ұлының телефонына қайта-қайта қоңырау шалып тұрғаны түсірілген жүректі елжірететін видео тарады.

Бейбіт халықты қорғауға жанқиярлықпен шыққан бұл жігіттердің үйінде қазір не болып жатқанын ойлаудың өзі ауыр.

Әрине олардың әрқайсысына бүгін батырлығы үшін медаль берілсе де, бұл отбасында болған жақын адамның орнын толтыра алмайды...

Олардың отбасына, туған-туыстарына, достары мен әріптестеріне шын жүректен көңіл айтамыз", - деп жазды Гамзатова.

Еске салсақ, 23 маусымда кешке таман Махачкала мен Дербентте террористік шабуылдар жасалған. Салдарынан 15-тен астам полиция қызметкері мен бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапты.

Сонымен қатар Дағыстанда үш күн қатарынан қаралы күн жарияланды.

Дағыстандағы теракт кезінде қаза тапқан полицейлер көрсетілген видео жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.