jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Дағыстанда терактіден қаза тапқандар саны артты

Дербент қаласы терактіден соң
Дербент қаласы терактіден соң. Фото: National Antiterrorism Committee / Handout/Anadolu via Getty Images

Дағыстанда теракт салдарынан қаза тапқандар саны 20-ға жетті. Марқұмдар жайлы ақпаратты елдің Денсаулық сақтау министрлігі Telegram-дағы парақшасында жариялады.

23 маусым күні Дағыстандағы терактіден қаза болғандар саны 20-ға жетті. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Татьяна Беляева мәлімдеді.

"Кеше Махачкала мен Дербент қалаларында болған террористік актінің салдарынан 46 адам зардап шекті, олардың арасында бейбіт тұрғындар да, құқық қорғау органдарының қызметкерлері де бар. Өкінішке қарай, 20 адам қаза тапты, олардың арасында да құқыққорғау органдарының қызметкерлері мен бейбіт тұрғындар бар", - деді Беляева.

Министрдің айтуынша, қазір барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жарақат алған жеті адамның да жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

"Бүгін стационарда емделіп жатқан барлық пациенттің жарақаты бойынша федерал орталықтармен телемедициналық консультациялар өткізілді. Пациенттерді қайта тексеріп, телемедициналық кеңес өткізген соң республикадан тыс жерге эвакуациялау туралы шешім қабылданады. Пациенттердің бір бөлімі ем қабылдауды жалғастыру үшін ведомстволық мекемелерге ауыстырылады", - деді Татьяна Беляева.

Дағыстанда терактіден қаза тапқандар саны артты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.