Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пәкістанда қатты ыстықтан 600-ге жуық адам қайтыс болды: ауруханалар мен мәйітханаларда орын жоқ

Опубликовано:

Карачидегі аптап
Карачидегі аптап. Фото: Anadolu/Getty Images

Пәкістандағы қатты ыстықтан мыңдаған адам ауруханаға түсіп, жүздеген адам қаза тапты. Әсіресе елдің ең үлкен қаласы Карачиде құрбандар саны көп.

Қалада ауа температурасы 40°С-тан асып кеткенімен, ылғалдылықтың жоғары болуынан 49-50°С ыстық сезілді.

Елдегі ең ірі жедел жәрдем қызметін басқаратын "Эдхи" қорының басшысы Фейсал Эдхи оның көліктері апта басында ыстықтан зардап шеккендердің мәйіттерін мәйітханаларға жеткізгенін айтты.

Әдетте Карачи қалалық мәйітханасына күн сайын 30-40 мәйіт келеді. Бірақ соңғы алты күнде олардың саны 568-ге жетті, тек сейсенбінің өзінде 141 болды. Ол сондай-ақ "олардың көпшілігі қаланың кедей аудандарынан болғанын" атап өтті.

Қордың Карачидегі үш мәйітханасына барлығы 264 мәйіт сыяды. Және олардың барлығы сыйымдылыққа толы.

"Біз үш мәйітті бір сөреде ұстауға мәжбүрміз. Сондай-ақ орын босату үшін ешкім іздемеген 22 мәйітті тезірек жерлеуімізге тура келді. Қаладағы барлық мәйітханаларда осындай орын тапшылығы бар, тіпті мешіттер мен аза тұту залдарында да бос орын жоқ", - дейді Фейсах Эхди.

Қатты ыстықтан зардап шеккен жүздеген адам дәрігерлерге жүгінуде
Қатты ыстықтан зардап шеккен жүздеген адам дәрігерлерге жүгінуде. Фото: Anadolu/Getty Images

Олардың барлығы қатты ыстықтан қайтыс болды деп нақты айту мүмкін емес, дегенмен жоғары температура өлім себептерінің бірі болды.

Карачи азаматтық ауруханасының жедел жәрдем бөлімінің басшысы Имран Сарвар Шейх Associated Press агенттігіне жексенбі мен сәрсенбі аралығында аптап ыстықтан 267 адам көмекке жүгінгенін, олардың 12-сі кейін қайтыс болғанын айтты.

"Ауруханаға келгендердің көпшілігі 60 немесе 70 жас аралығында. Бірақ кейбіреулері 45-тің шамасында, тіпті 20-дан асқандар да бар. Біз көмектескен адамдардың көбі көшеде жұмыс істеді. Біз оларға мүмкіндігінше көп су ішуге және жеңіл киім киюге кеңес бердік".

Метеорологтардың айтуынша, Карачидегі қатты ыстық толқыны келесі аптаға дейін созылады, дегенмен ауа температурасы сәл салқындайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2125365-pakistanda-aptap-ystyqtan-600-ge-zhuyq-adam-qaitys-boldy-auruhanalar-men-maiithanalarda-oryn-zhoq/