Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кир Стармер ресми түрде Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі атанды

Жарияланған күні:

Кир Стармер
Кир Стармер. Фото: Henry Nicholls/AFP/Getty Images

Король III Чарльз Ұлыбританияның жаңа премьер-министрін тағайындады. Бұл қызметке лейбористер лидері Кир Стармер келді, деп хабарлайды Sky News сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сэр Кир Стармер Букингем сарайындағы корольдің ресми қабылдауынан кейін премьер-министр болды.

Король Стармерді кешегі сайлауда жеңіске жеткеннен кейін жоғарғы лауазымды иеленуге әрі жаңа үкіметті құруға шақырды.

Кир Стармер ресми түрде Ұлыбританияның 58-премьер-министрі атанды.

Айта кетейік, бұған дейін жаңадан тағайындалатын Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі, лейбористер лидері Кир Стармер туралы жазған едік.

Ал бұған дейін премьер-министр болған Риши Сунак сайлауда жеңілгеннен кейін Ұлыбритания үкіметі басшысы қызметінен кететінін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2129793-kir-starmer-resmi-turde-ulybritaniianyng-zhanga-premer-ministri-atandy/