Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Ақ үй Байденнің денсаулығы жөніндегі қауесетті жоққа шығарды

Жарияланған күні:

Джо Байден и Джилл Байден
Джо Байден и Джилл Байден. Фото: Mandel Ngan/AFP/Getty Images

Ақ үй тағы да АҚШ президенті Джо Байденнің денсаулығына қатысты алаңдаушылықты сейілтуге тырысып, журналистерге оның Паркинсон ауруына шалдықпағанын айтты. Ал талдау нәтижесі бойынша оның жүйке жүйесінде ешқандай ақау анықталмаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Президент Паркинсон ауруынан емделді ме? Жоқ. Ол Паркинсон ауруынан емделіп жатыр ма? Жоқ, емделіп жатқан жоқ. Ол Паркинсон ауруына қарсы дәрі қабылдап жатыр ма? Жоқ", - деді Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер дүйсенбіде өткен брифинг барысында.

Журналистерді ең алдымен невропатолог және Паркинсон ауруы бойынша маман Кевин Каннардтың Ақ үйге барғаны қызықтырды.

Америкалық БАҚ таратқан ақпарат бойынша, Вашингтон маңындағы Уолтер Рид ұлттық әскери медициналық орталығында жұмыс істейтін Каннард өткен жылдың тамызынан 2024 жылдың наурызына дейін Ақ үйге сегіз рет барған.

Бұл сапарлар кіру журналына тіркелген. Кездесулердің бірінде президенттің емдеуші дәрігері Кевин О'Коннор келуші ретінде көрсетілген.

Карин Жан-Пьер қауіпсіздік себептерін алға тартып, Ақ үйге қандай мамандар келгенін айтудан бас тартты.

"Жоқ. Жоқ. Жоқ. Мені қанша қыспаққа алсаңыз да, маған ашулансаңыз да, журналда аты-жөні бар ма жоқ па, бәрібір, мен аты-жөнін растамаймын", - деді Жан-Пьер.

Оның айтуынша, Байденнің соңғы үш жылдағы жыл сайынғы медициналық тексерулерінің ішінде невропатологқа көрінуі де қарастырылған, ол Паркинсон ауруы, склероз немесе жүйке жүйесінің басқа да бұзылуларының белгілерін анықтамаған.

Сонымен қатар Ақ үй Вашингтондағы Альянс саммиті қарсаңында АҚШ-тың НАТО одақтастары Байденнің жағдайына алаңдаушылық білдірді деген болжамдарды жоққа шығарды.

"Біз одақтастарымыздан мұндай белгілерді алып жатқан жоқпыз", - деді Ақ үйдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирби брифинг кезінде журналистерге.

27 маусымда Дональд Трамппен дебаты сәтсіз шыққаннан кейін Ақ үйге және Джо Байденнің өзіне қысым күшейіп кетті. Дегенмен Байден өсайлауға түсуге дайын екенін айтады.

"Біздің бір миссиямыз бар. Ол - Дональд Трампты жеңу. Демократиялық партияның ұлттық конвенциясына дейін 42 күн және жалпы сайлауға дейін 119 күн бар. Кез келген шешімнің әлсіреуі немесе алдағы тапсырмаға қатысты нақтылықтың болмауы Трампқа көмектесіп, бізге зиян тигізеді", - деп жазды Байден.

Бұған дейін Конгресстегі бес демократ (Техас, Аризона, Иллинойс, Массачусетс және Миннесота Өкілдер Палатасының мүшелері) Байденді сайлаудан бас тартуға шақырды. Дүйсенбі күні кешке оларға Вашингтон штатының конгрессмені Адам Смит қосылды.

"Ол демократтардың хабарын жеткізу үшін ең жақсы үміткер емес екені белгілі болды деген ойдамын. Біздің үндеуіміз өте мықты. Президент жақсы жұмыс істеді, алайда бұл үндеуді тиімді жеткізе алмайтынын көрсетті", - деді Смит CNN эфирінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2130702-aq-ui-baidenning-densaulygy-zhonindegi-qauesetti-zhoqqa-shygardy/