Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстан президентінің қарындасына тікұшақпен сөз салған жігіт ұсталды

Жарияланған күні:

Кісен
Кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қырғызстан президенті Садыр Жаппаровтың інісінің қызына тікұшақпен сөз салған жігіт ұсталды. Бұл туралы ақпаратты Facebook желісіндегі парақшасында президенттің баспасөз хатшысы растап, түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Президент Садыр Жапаровтың інісінің қызына сөз салған жігітті құқық қорғау органдары ұстағанын растаймыз", - деді президенттің баспасөз хатшысы Асхат Алагөзов.

Ол сондай-ақ Лаззат Нұрғожаеваның жігіті тұрмысқа шығу туралы ұсынысынан кейін танымал болғанын еске алды. Қос ғашық сол жерге Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағымен жеткен.

"Бұл жас жігіттің басты мақсаты – оның заңсыз әрекеттерін қорғау үшін билік басындағы адамдарды табу болды деуге толық негіз бар. Президент Садыр Жапаров жігіт кім болса да заңсыз әрекеттерін жасырып, ақтамайды. Экс-күйеу жігіт пен сыбайластарының заңсыз әрекетінің жай-жапсары тергеу барысында анықталады", - деді Қырғызстан Республикасы басшысының баспасөз хатшысы.

Kaktus media хабарлауынша, Нұрғожаеваның күйеу жігітін 5 шілдеде полиция қызметкерлері есірткі таратып, дайындады деген күдікпен ұстаған. Бұл туралы басылымға құқық қорғау органдарындағы дереккөз хабарлады.

Айта кетсек, жақында Садыр Жапаровтың інісінің қызы желіде қызу талқыға түскен. Оған үйленуге ұсыныс жасаған ер адам Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағын пайдаланған. Оқиғаның видеосы желіде тарады.

Кейін Садыр Жапаров даулы жағдайға қатысты пікір білдіріп, қарындасы үшін халықтан кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2131527-qyrgyzstan-prezidentining-qaryndasyna-tikushaqpen-soz-salgan-zhigit-ustaldy/