Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстан парламенті экс-спикерінің қыздары ұсталды

Жарияланған күні:

абақты
Абақты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің қызметкерлері парламенттің экс-спикері, кәсіпкер Шыныбай Тұрсынбековтің екі қызын ұстады – ақпарат сотта расталды. Бұл туралы 24.kg сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сондай-ақ ұсталған Айдай Тұрсынбековаға қатысты тергеу мерзіміне, яғни 24 тамызға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалғаны хабарланды.

Ал Бегімай Шыныбек қызы 24 тамызға дейін үйқамақта отыр.

Басылымға дереккөздердің хабарлауынша, олар жалған құжат жасады деген күдікке ілінген.

Еске салсақ, таяуда Садыр Жапаровтың інісі Ұлан Жапаровты Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет өкілдері ұстап, сот шешімімен қамауға алғаны белгілі болды. Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Еске салсақ, өткен жылы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың інісі Бішкекте ұсталған болатын. Кейін ол сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінгені хабарланды.

Бұған дейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың (інісінің қызы) қарындасының бұрынғы жігіті Автандил Сабырбековтің ұсталғанын жазған едік.

Ал жақында Садыр Жапаровтың інісінің қызы желіде қызу талқыға түскен. Оған үйленуге ұсыныс жасаған ер адам Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағын пайдаланған. Оқиғаның видеосы желіде тарады.

Кейін Садыр Жапаров даулы жағдайға қатысты пікір білдіріп, қарындасы үшін халықтан кешірім сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2137155-qyrgyzstan-parlamenti-eks-spikerining-qyzdary-ustaldy/