jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Желіде Ердоғанның ұл баланың бетінен шапалақпен тартып қалған сәті қызу талқыланып жатыр (видео)

Ердоған кішкентай баламен бірге
Ердоған кішкентай баламен бірге. Видеодан кадр: t.me/solcugazete

Әлеуметтік желіде Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның баланың бетінен шапалақпен ақырын тартып жіберген сәті түсіп қалған видео тарап кетті. Видео желіде түрлі пікір туғызды.

Әлеуметтік желіде Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған қолын сүймегені үшін ұл баланы шапалақпен ақырын салып қалған сәті түсірілген видео тарады. Видео желідегі оқырмандар арасында даулы пікір туғызды.

Cumhuriyet газетінің мәліметінше, президент Режеп Тайип Ердоған Ризедегі шараға табиғи апаттан зардап шеккен отбасыларға пәтер кілттерін тапсыру рәсіміне барған. Балалар сахнаға бірінен кейін бірі шыққан, олардың бірі президенттің қолын сүймеген.

Telegram-дағы Solcu Gazete арнасындағы кадрларда Ердоғанның баланы ақырын шапалақпен тартып қалғаны, ұл бала қателігін түсініп, оның қол сүйіп, құшақтағанын көруге болады. Соңында бала Түркия президентінен ақша алған.

ТАСС агенттігінің мәліметі бойынша, Түркияда үлкендердің қолын сүйіп, маңдайына тигізу әдетке айналған, бұл құрмет белгісі болып саналады. Ал Ердоғанға келетін болсақ, ол көптеген қоғамдық шарада балаларға ақша таратады.

Еске салайық, былтыр мамырда Түркияда президенттік сайлау кезінде Ердоған сайлау учаскесінде аналар күніне орай балаларға ақша таратқан болатын.

Бірер күн бұрын Ердоған Израильге қатысты тағы да мәлімдеме жасап, Түркияның Таулы Қарабақ пен Ливияға кіргені сияқты Израильге де басып кіре алатынын мәлімдеген еді.

Желіде Ердоғанның ұл баланың бетінен шапалақпен тартып қалған сәті қызу талқыланып жатыр (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.