jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров 100-ден астам баланың биологиялық әкесі екенін айтты

Павел Дуров
Павел Дуров. Фото: AOP.Press/Corbis/Getty Images

Кәсіпкер әрі Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров өзінің 100-ден астам баланың биологиялық әкесі екенін айтты. Ол бұл туралы Telegram-дағы арнасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ол бұрын-соңды үйленбегенін және жалғыз өмір сүруді ұнататынын атап өтті. Сондай-ақ Дуров қалай 100 баланың әкесі атанғанын айтып берді.

"Осыдан 15 жыл бұрын досым қызық өтінішпен келді. Ол әйелі екеуі бала көтере алмай жүргенін айтып, балалы болу үшін емханаға сперматозоид беруімді өтінді. Мен күліп жібердім. Алайда кейін оның ниеті шынайы екенін түсіндім", - деп жазды кәсіпкер.

Емханада дәрігерлер Дуровқа қазіргі уақытта жоғары сапалы донорлық материал тапшы екенін айтқан.

Дуровтың сөзінше, ол осылайша донор болған.

"2024 жылға келсек, мен донор болғалы бері 12 елде жүзден астам жұп балалы бола алды. Оның үстіне мен донорлықты тоқтатқаннан кейін көп жылдар өтсе де, кем дегенде бір ЭКО клиникасында менің мұздатылған ұрықтарым жасырын түрде қолжетімді. Менің биологиялық балаларым бір-бірін оңай табуы үшін өзімнің ДНҚ-ды қол жетімді етуді жоспарлап отырмын. Мен донор болғаныма өкінбеймін. Сау сперматозоидтардың жетіспеушілігі бүкіл әлемде үлкейіп келе жатқан мәселеге айналуда және мен оны шешуде рөл атқарғанымды мақтан тұтамын", - деп жазды Павел Дуров.

Telegram негізін қалаушы Павел Дуров 100-ден астам баланың биологиялық әкесі екенін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.