Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда Instagram бұғатталды

Жарияланған күні:

Телефон мен әлеуметтік желілер
Телефон мен әлеуметтік желілер. Көрнекі фото: pexels.com

Түркия билігі елде Instagram әлеуметтік желісін қолдануға тыйым салды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Риа-Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

"2 тамызда Instagram.com сайтына кіру Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар кеңесінің шешімімен бұғатталды", - деді реттеуші.

Әлеуметтік желі бүгін таңертеңнен бері мобильді құрылғыларда да, компьютерлерде де ашылмай тұр.

Сонымен бірге, 31 шілдеде Түркия президенті әкімшілігі жанындағы коммуникациялар басқармасының басшысы Фахреттин Алтун Палестина саяси бюросының басшысы Исмаил Хания қаза болғаннан кейін қолданушылардың көңіл айту хабарламаларын жариялауына "белсенді түрде кедергі жасағаны" үшін әлеуметтік желіні айыптады.

Алтун әлеуметтік желінің әрекетін цензураның көрінісі деп атап, "жаһандық қанаушы әділетсіздік жүйесіне" қызмет ететінін бірнеше рет дәлелдеген платформаларға қарсы шара қолдану арқылы сөз бостандығын қорғауға уәде берді.

Айта кетейік, 2 тамызда Түркияда ХАМАС саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияның қайтыс болуына байланысты Ұлттық аза тұту күнін жариялады.

31 шілдеде Тегеранда ХАМАС қозғалысы саяси бюросының басшысы Исмаил Хания шабуыл кезінде көз жұмды.

Бұған дейін Израиль сыртқы істер министрі Исраэль Кац Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның Израильге қарсы қоқан-лоққысына жауап ретінде Түркияны НАТО-дан шығаруға шақырған болатын.

Сондай-ақ Халықаралық қылмыстық сотының прокуроры Нетаньяху мен ХАМАС басшыларын қамауға ордер сұрады.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ақ үйдің Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі бейбіт бастамасын қолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2143561-turkiiada-instagram-ga-kiruge-tyiym-salyndy/