jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ердоған Түркияда Ұлттық аза тұту күнін жариялады

Режеп Тайып Ердоған
Режеп Тайып Ердоған. Фото: Okan Ozer/Anadolu Agency/Getty Images

Режеп Тайип Ердоған бүгін, 2 тамызда Түркияда ХАМАС саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияның қайтыс болуына байланысты Ұлттық аза тұту күнін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Түркия басшысының Х желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

"Палестина ісін қолдайтынымызды және Исмаил Хания қайтыс болғаннан кейін палестиналық бауырластармен ынтымақтастығымызды көрсету үшін 2 тамызды Ұлттық аза тұту күні жариялаймын", - деп жазды Ердоған Х әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, 31 шілдеде Тегеранда ХАМАС қозғалысы саяси бюросының басшысы Исмаил Хания шабуыл кезінде көз жұмды.

Бұған дейін Израиль сыртқы істер министрі Исраэль Кац Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанның Израильге қарсы қоқан-лоққысына жауап ретінде Түркияны НАТО-дан шығаруға шақырған болатын.

Сондай-ақ Халықаралық қылмыстық сотының прокуроры Нетаньяху мен ХАМАС басшыларын қамауға ордер сұрады.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ақ үйдің Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақтандыру жөніндегі бейбіт бастамасын қолдады.

Ердоған Түркияда Ұлттық аза тұту күнін жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.