jitsu gif branding logo appbranding logo app

Илон Маск Британияда азаматтық соғыс болатынын айтты

Илон Маск
Илон Маск. Фото: Beata Zawrzel/NurPhoto via Getty Images

Илон Маск Ұлыбританиядағы жаппай тәртіпсіздіктер туралы Х желісіндегі бір қолданушының видеосына пікір жазды, онда ол "азаматтық соғыс болмай қоймайды" деп мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Х әлеуметтік желісінде бір қолданушы Ұлыбританияда болып жатқан жаппай тәртіпсіздіктердің видеосын Х желісінде жазып, мұның бәрі "жаппай көші-қон мен ашық шекаралардың салдары" екенін атап өткен.

Осы жазбаның пікірлерінде оған Илон Маск жауап берді. "Азаматтық соғыс болмай қоймайды", - деп жазды ол британдық қалалардағы наразылықтарды түсіндіріп.

Еске сала кетейік, шілде айының соңында Англияның солтүстігінде, Ливерпульге жақын орналасқан Саутпорт қаласында балалар би клубына шабуыл жасалған еді. BBC-дің орыс қызметінің хабарлауынша, пышақ жарақаттарынан екі бала қайтыс болып, тағы тоғыз бала ауыр жарақат алған, алты бала ауыр жағдайда. Саутпортта балаларды өлтіру оқиғасынан кейін тәртіпсіздіктер басталып, 11 полиция қызметкері ауруханаға түскені хабарланған.

Кейінірек BBC-дің орыс қызметінің мәліметі бойынша, Саутпортта балаларға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім сот алдына келген. Алайда британдық қалаларда тәртіпсіздіктер мен полициямен қақтығыстар әлі де жалғасып жатыр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.