jitsu gif branding logo appbranding logo app

ДДСҰ басшысы маймыл шешегі эпидемиясын төтенше жағдай деп жариялады

Тедрос Адханом Гебрейесус
Тедрос Адханом Гебрейесус. Фото: Ақорда

ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус маймыл шешегі эпидемиясын халықаралық маңызы бар денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай деп жариялады.

Жақында Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) аурудың өршуіне байланысты денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай жариялады, деп жазады РИА Новости.

"Төтенше жағдайлар комитеті жиналып, маған бұл халықаралық маңызы бар денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай екенін айтты. Мен бұл кеңесті қабылдадым", - деді Гебрейесус.

ДДСҰ басшысы өткен жылы маймыл шешегінің тіркелген жағдайларының саны едәуір артқанын айтты. Ал биыл 14 мыңнан астам жағдай тіркеліп, олардың 524-і өлімге әкелген, осылайша көрсеткіш өткен жылдан да асып түскен.

"Конго ДР шығысында маймыл шешегінің жаңа түрінің тез таралуы, оның көрші елдерде табылуы және Африка мен одан тыс жерлерде таралу мүмкіндігі үлкен алаңдаушылық туғызады", - деп қосты Гебрейесус.

Ол мәселені шешу үшін үйлестірілген шаралар қажет екенін айтты.

ДДСҰ басшысы маймыл шешегі эпидемиясын төтенше жағдай деп жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.