jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Трамп қастандық жасалғаннан кейін алғаш рет ашық алаңда сөз сөйледі

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Peter Zay / AFP via Getty Images

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп қастандықтан кейін алғаш рет ашық алаңда сөз сөйледі. Оның айналасына оқ өткізбейтін әйнектер орнатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

DW басылымының мәліметінше, 21 тамызда Трамп қастандықтан кейін Эшборода ашық алаңда сайлауалды митинг өткізді.

Айта кетейік, оқыс оқиғадан кейін Трамптың қатысуымен болған барлық митингілер ғимарат ішінде өткізіліп келген.

Басылым экс-президент сөз сөйлеген кезде митингке қатысушылардың бірі аптап ыстықтан өзін нашар сезінгенін жазды. Дональд Трамп сахнадан әйелге медициналық көмек сұрап, қорғаныш әйнегінің сыртына шығып, көпшіліктің қошеметімен қолдаушыны құшақтаған.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қастандық жасалғанын хабарлаған едік.

Оқыс оқиға Дональд Трамптың Пенсильвания штатындағы Батлер қаласында өткен халықпен кездесуінде болған.

Арнайы қызмет өкілдерінің хабарлауынша, оқиға салдарынан кездесудің бір қатысушысы көз жұмып, екеуі жараланған.

Трамп қастандық жасалғаннан кейін алғаш рет ашық алаңда сөз сөйледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.