Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАӘ Дуровтың тұтқындалуына байланысты Франция үкіметіне жүгінді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Павел Дуров
Павел Дуров. Фото: AOP.Press/Corbis via Getty Images

БАӘ Сыртқы істер министрлігі ел азаматы болып табылатын Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың қамауға алынуына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елдің Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрлігі Ле-Бурж әуежайында француз билігі тұтқындаған БАӘ азаматы Павел Дуровтың ісін мұқият қадағалап отырғанын және олар Франция үкіметіне жедел түрде толық консулдық қызмет көрсету туралы өтініш жібергенін айтты.

БАӘ Сыртқы істер министрлігі мәлімдемедесінде азаматтарға қамқорлық жасау, олардың мүдделерін қорғау, олардың ісін бақылау, қамқорлық жасаудың барлық аспектілерін қамтамасыз ету ел үшін басты басымдық екені айтылған.

Lenta.ru сайтының хабарлауынша, Дуровтың төрт азаматтығы бар. Ол Ресейдің, Сент-Китс және Невис федерациясы, сондай-ақ БАӘ мен Францияның азаматы.

Еске салсақ, Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Францияда қамауға алынғанын хабарладық.

Франциядағы БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Telegram-дың негізін қалаушы және бас директоры жеке ұшағынан шығып бара жатқан жерінде ұсталған.

Кейін франциялық БАҚ 24 тамызда Францияда ұсталған Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты қамауда ұстау мерзімі ұзартылғанын мәлімдеді.

Бұл жайтқа америкалық журналист Такер Карлсон X әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдіріп, Павел Дуровтың қамауға алынуы шындық цензурасынан бас тартатын кез келген онлайн платформа иесіне ескерту екенін айтты.

Қазақстанның цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Дуровқа қолдау білдіретінін жеткізді.

Франция прокуратурасы Дуровтың ісіне байланысты мәлімдеме жасап, 12 қылмыс бойынша айып тағылғанын жария етті.

Одан бөлек, Франция президенті Эммануэль Макрон Павел Дуровтың тұтқындалуын "бұл – саяси шешімнің емес" деп мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2153655-baa-durovtyng-tutqyndaluyna-bailanysty-frantsiia-ukimetine-zhugindi/