Павел Дуров Париж көшелерінде бойжеткенмен көзге түсті (видео)
Жарияланған күні:
Осыған дейін Франция билігі Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты тұтқындаған еді. Жақында кәсіпкердің сүйіктісімен Париж көшелерінде жүрген видеосы тарады. Кадрлар Telegram-дағы арналарда жарияланды.
Telegram-дағы Shot арнасының хабарлауынша, видеода Дуров Парижде сүйіктісі, стример Юлия Вавиловамен қыдырып жүрген. Ғашықтар Сент Оноре көшесінде оққағарсыз көзге түскен. Онда түрлі бренд дүкендері орналасқан.
РБК басылымы Юлия Вавилова өзін блогер әрі криптокоуч деп атайтынын хабарлады. БАҚ ол туралы 24 тамыз кешке Париж әуежайында Павел Дуров ұсталған соң жаза бастады. Бойжеткен Дуровтың Францияға дейін Әзербайжандағы саяхатында қасында болған.
Дуровтың Францияда қамауға алынуы
Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров 24 тамызда Францияда қамауға алынды.
Франциядағы БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Telegram-ның негізін қалаушы және бас директоры Павел Дуров жеке ұшағынан шығып бара жатқан жерінде ұсталған.
Кейін франциялық БАҚ Дуровты қамауда ұстау мерзімі ұзартылғанын мәлімдеді.
Бұл жайтқа америкалық журналист Такер Карлсон X әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдіріп, Павел Дуровтың қамауға алынуы шындық цензурасынан бас тартатын кез келген онлайн платформа иесіне ескерту екенін айтты.
Қазақстанның цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Дуровқа қолдау білдіретінін жеткізді.
Франция прокуратурасы Дуровтың ісіне байланысты мәлімдеме жасап, 12 қылмыс бойынша айып тағылғанын жария етті.
Одан бөлек, Франция президенті Эммануэль Макрон Павел Дуровтың тұтқындалуын "саяси шешім емес" екенін мәлімдеді.
БАӘ Сыртқы істер министрлігі Павел Дуровтың қамауға алынуына қатысты мәлімдеме жасады.
Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрлігі Ле-Бурж әуежайында француз билігі тұтқындаған БАӘ азаматы Павел Дуровтың ісін мұқият қадағалап отырғанын және олар Франция үкіметіне жедел түрде толық консулдық қызмет көрсету туралы өтініш жібергенін мәлімдеді.
Ал 28 тамызда бірнеше БАҚ Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Парижде сотқа жеткізіліп, ғимарат сыртына арнайы қоршау қойылды деген ақпарат таратты.
Кейін сотта Павел Дуровты судья 5 миллион еуро кепілге босатқаны хабарланды.
Сонымен қатар Дуров қамауға алынғаннан кейінгі алғаш рет мәлімдеме жасады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2158882-pavel-durov-parizh-koshelerinde-suiiktisimen-kozge-tusti-video/