jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Кепілге босатылған Павел Дуровтың видеосы тарады

Павел Дуров
Павел Дуров. Видеодн кадр: t.me/shot_shot

Сот отырысында Telegram негізін қалаушы Павел Дуровты судья 5 миллион еуро кепілге босатқаны хабарланды. Осыдан кейін Ресейлік БАҚ қамаудан босатылған Дуровтың видеосын жариялады.

Видеоны Telegram-дағы Shot арнасы жариялады.

Жазбада қара көзілдірік таққан, қара бас киім киген Дуров сот ғимараты аумағынан шыққаны түсірілген. Ол қара минивэнге мініп, бірнеше ер адаммен бірге кетіп қалған.

Кадрларды РИА Новости агенттігі де Telegram-дағы арнасында жариялаған.

Айта кетейік, Дуров сұрақтарға жауап бермей, журналистермен сөйлеспеді.

РБК сот бір күн бұрын Дуровқа қатысты қызметтік тергеуді бастау туралы шешім қабылдағанын, бұл сот процесі жалғасады деп жазған болатын.

Павел Дуровтың Францияда қамауға алынуы

Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров 24 тамызда Францияда қамауға алынды.

Франциядағы БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Telegram-ның негізін қалаушы және бас директоры Павел Дуров жеке ұшағынан шығып бара жатқан жерінде ұсталған.

Кейін франциялық БАҚ Дуровты қамауда ұстау мерзімі ұзартылғанын мәлімдеді.

Бұл жайтқа америкалық журналист Такер Карлсон X әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдіріп, Павел Дуровтың қамауға алынуы шындық цензурасынан бас тартатын кез келген онлайн платформа иесіне ескерту екенін айтты.

Қазақстанның цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Дуровқа қолдау білдіретінін жеткізді.

Франция прокуратурасы Дуровтың ісіне байланысты мәлімдеме жасап, 12 қылмыс бойынша айып тағылғанын жария етті.

Одан бөлек, Франция президенті Эммануэль Макрон Павел Дуровтың тұтқындалуын "саяси шешім емес" екенін мәлімдеді.

БАӘ Сыртқы істер министрлігі Павел Дуровтың қамауға алынуына қатысты мәлімдеме жасады.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрлігі Ле-Бурж әуежайында француз билігі тұтқындаған БАӘ азаматы Павел Дуровтың ісін мұқият қадағалап отырғанын және олар Франция үкіметіне жедел түрде толық консулдық қызмет көрсету туралы өтініш жібергенін мәлімдеді.

Ал 28 тамызда бірнеше БАҚ Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Парижде сотқа жеткізіліп, ғимарат сыртына арнайы қоршау қойылды деген ақпарат таратты.

Кепілге босатылған Павел Дуровтың видеосы тарады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.