"Масқара болғаныңызды айтты": Камала Харрис пен Дональд Трамп арасында алғашқы теледебат өтті
Жарияланған күні:
Бүгін АҚШ-та президенттікке кандидат Камала Харрис пен Дональд Трамп арасында алғашқы деледебат өтті болды. Қарсыластар бір-біріне қатысты бірқатар мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Пікірталас ABC телеарнасында өтті.
Демократиялық партиядан үміткер Харрис әлем көшбасшылары Трампты келемеж ететінін айтты.
"Бұл диктаторлар мен автократтар сіздің қайтадан президент болуыңызды қолдап отыр, өйткені олар сізді мақтап, жақсылық жасау арқылы манипуляция жасайды. Сондықтан сізбен бірге жұмыс істеген көптеген әскери көшбасшылар маған сіздің масқара болғаныңызды айтты", - деді ол.
Пікірталас кезінде Трамп қарсыласын марксист деп атады.
"Ол марксист. Оның марксист екенін бәрі біледі. Әкесі экономиканың марксисттік профессоры. Ол қызын жақсы оқытқан", - деді ол.
Харрис бұл мәлімдемеге жауап ретінде күлгені айтылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2159941-masqara-bolganyngyzdy-aitty-kamala-harris-pen-donald-tramp-arasynda-algashqy-teledebat-otti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.