jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Бакуде түркі халықтарының біртұтас әліпбиі жобасы қабылданды

Жазу жазған ер адам
Қаламсаппен жазу жазған ер адам. Көрнекі сурет: pixabay

Бүгін Бакуде Түркі әлемінің ортақ әліпбиі жөніндегі комиссияның үшінші отырысы аяқталып, бірлескен мәлімдеме жарияланды. Бұл туралы "АЗЕРТАДЖ"-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, 9-11 қыркүйек аралығында Бакуде Халықаралық Түркі академиясы мен Түркі тілі институтының ұйымдастыруымен түркі әлемінің ортақ әліпбиі жөніндегі комиссияның үшінші отырысы өткен. Кездесу қорытындысы бойынша баспасөзге мәлімдеме жасалды.

Түркі мемлекеттері ұйымы жанынан құрылған түркі әлемінің ортақ әліпбиі жөніндегі комиссия мүшелерінің қатысуымен өткен басқосудың негізгі мақсаты – осы тақырып негізінде жинақталған білім мен тәжірибе алмасу екені атап өтілді. Комиссияның осы саладағы екі жылдық жұмысының қорытындысы, сондай-ақ түркі тілдеріне ортақ әліпби жобасы бойынша жұмыстың қорытындысы шығарылды.

Жиында 1991 жылы ғалымдар ұсынған латын әліпбиіне негізделген түркі әлеміне ортақ әліпби жобасы қаралды.

Талқылау нәтижесінде 34 әріптен тұратын түркі әлемінің ортақ әліпбиі туралы келісімге қол жеткізілді. Алфавиттің әр әрпі түркі тілдеріндегі әр түрлі фонемаларды көрсететініне ерекше назар аударылды.

"Кездесудің сәтті аяқталуының тарихи маңызы бар. Түркі әлемінің ортақ әліпбиін жасау түркі халықтарының өзара түсіністігі мен ынтымақтастығын нығайтуға қызмет етеді, сонымен қатар олардың тілдерінің сақталуына ықпал етеді.

Халықаралық Түркі академиясы мен Түркі тілі институты осы үдеріске қолдау көрсеткен түркі мемлекеттерінің басшылығына, сондай-ақ жұмысына атсалысқан комиссияның барлық мүшелеріне зор алғысын білдіреді. Біз барлық тиісті мекемелерді түркі әлемінің ұсынылып отырған ортақ әліпбиін іске асыруға белсенді түрде қолдау көрсетуді сұраймыз", - делінген бірлескен мәлімдемеде.

Бакуде түркі халықтарының біртұтас әліпбиі жобасы қабылданды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.