jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Душанбедегі мешіттің жанында Тәжікстанның бас мүфтиіне шабуыл жасалды

Тәжікстанның бас мүфтиі
Саидмукаррам Абдулкодирзода. Фото: Тәжікстан Республикасының Ислам орталығы

Душанбедегі орталық мешітте намаз кезінде белгісіз біреу Тәжікстан ғұламалар кеңесінің төрағасы Саидмукаррам Абдулкодирзодаға шабуыл жасаған. Бұл жөнінде елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тәжікстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиға 11 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша 15:20-да болған.

"Душанбе орталық мешітінің жанындағы намаздан кейін белгісіз адам Тәжікстан Республикасының ғұламалар кеңесінің төрағасы Абдулкодирзод Саидмукаррамның денесіне үшкір құралмен соққы беріп, қоғамдық тәртіпті бұзды. Ішкі істер органдары жедел шаралар қабылдап, қылмыскер дер кезінде ұсталды", - делінген ведомство хабарламасында.

Қылмыскердің шабуылы салдарынан Саидмукаррам Абдулкодирзода жеңіл жарақат алып, дәрігерлердің қарауынан кейін тұрғылықты мекенжайына жеткізілгені белгілі болды.

Бұл факт бойынша ішкі істер органдары қылмыстық іс қозғап, қазір алдын ала тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Душанбедегі мешіттің жанында Тәжікстанның бас мүфтиіне шабуыл жасалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.