"Қатты алаңдадым": АҚШ президенттігіне үміткер Харрис Трампқа қатысты жағдайға пікір білдірді
Жарияланған күні:
АҚШ президентігіне үміткер Камала Харрис Дональд Трампқа қастандық дайындалды деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Ақ үйдің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Мен бүгін болған бұрынғы президент Трампқа жасалған болуы мүмкін қастандық әрекетіне қатты алаңдадым. Біз факті жинап жатырмыз, мынаны айтқым келеді: саяси зорлық-зомбылықты айыптаймын. Бұл оқиға зорлық- зомбылықтың одан ары өршуіне әкелмеуі үшін бәріміз өз үлесімізді қосуымыз керек", - деді АҚШ вице-президенті.
Ол құпия қызметке экс-президенттің қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін алғысын айтты.
"Мен АҚШ-тың құпия қызметі мен құқық қорғау органдарына олардың қырағылығы үшін алғыс айтамын", - деді Харрис.
Айта кетейік, бұған дейін Республикашылдар партиясынан АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп гольф ойнап жатқан клуб маңында атыс даусы естілген. Трамп атыс орнынан бірнеше жүз метр жерде болған. Федералдық тергеу бюросы бұл қастандыққа ұқсайды деп мәлімдеген.
Осыдан кейін АҚШ-тың қазіргі презденті Джо Байден елдің бұрынғы басшысы Дональд Трампқа қастандық жасалған болуы мүмкін деген оқиғадан кейін мәлімдеме жасады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/2161743-qatty-alangdadym-aqsh-prezidenttigine-umitker-harris-trampqa-qatysty-zhagdaiga-pikir-bildirdi/